Қазақстан құрамасының ойыншылары «Барыс» сапына қайта оралды

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты маусымындағы «Металлургқа» қарсы матч алдындағы шолуында Қазақстан құрамасының ойыншылары командаға қайта қосылғанын хабарлады, деп жазады Sport+.
«Қазіргі таңда «Барыстың» еншісінде 55 матчтан кейін 29 ұпай бар. Алдыңғы ойында жарақат алған қақпашы Никита Бояркин қосымша медициналық тексеруден өтуде және бүгінгі матчқа қатыспайды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының ойыншылары клубқа қайта қосылды. Алайда жүктің тасымалындағы кідірістерге байланысты барлық хоккейшілер «Металлургпен» өтетін матч өтініміне кірмейді», – делінген клубтың мәлімдемесінде.