Қазақстан құрамасының дебютанты «Қайраттың» басты трансферлік мақсатына айналды
Meta-ratings.kz сайтының ақпараты бойынша, алматылық «Қайрат» «Атырау» қорғаушысы Әділбек Жұмахановты команданың қорғаныс шебін күшейту ретінде қарастырады, деп хабарлайды Sport+.
Айта кетейік, Жұмаханов пен «Атырау» арасындағы қолданыстағы келісім осы жылдың соңында аяқталады.
2024 жылғы маусымда Әділбек «Атырау» сапында 24 матчқа қатысып, екі гол және бір нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ, орталық қорғаушы Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды және УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Аустрия (0:2) құрамасына қарсы матчта ұлттық құрамада сапында дебют жасады.