Қазақстан құрамасының ЕУРО іріктеу элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Футболдан Еуропа чемпионатының 19 жасқа дейінгі футболшылар арасында элиталық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстанның жастар құрамасы (U19) 5-топқа түсті. Қарсыластары — Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия жасөспірімдері.
Ойындар 2026 жылғы 25–31 наурыз аралығында Румынияда өтеді.
28 команда элиталық кезеңге жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Финалдық кезеңге автоматты түрде турнир қожайыны — Уэльс құрамасы да қатысады.