logo

Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 225-ракеткасы, америкалық Мартин Дамды қапы қалдырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Михаил Кукушкин 6:4, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында ол 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. М.Дамм эйс санын 15-ке жеткізді.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 235-ракеткасы, франциялық Жоффри Бланканомен шеберлік таластырады.



Күн шежіресі