logo

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық есебінде көш бастады

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық есебінде көш бастады

9 қыркүйектегі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық есебінде сенімді түрде көш бастап тұр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан қоржынында 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар. Екінші орында Қырғызстан – 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медаль. Үздік үштікті Ресей қорытындылады, оларда 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

Жарыстың алғашқы күндерінде 20 елдің өкілдері кем дегенде бір медаль жеңіп алды.

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекте аяқталады. Кейбір жарыстарды тікелей эфирде Sport+Qazaqstan арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі