logo

Зәмзәгүл Файзоллақызы: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мақсатым - алтыннан алқа тағу

Зәмзәгүл Файзоллақызы: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мақсатым - алтыннан алқа тағу

Қазақстандық спортшы Зәмзәгүл Файзұллақызы Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай дайындалғанын және басты қарсылас ретінде кімді көретіні туралы айтып берді.

—  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу туралы шешім қашан қабылданды? Қалай дайындалдыңыз?

— Дүбірлі додаға 8 ай дайындалдым. 2023 жылы қазан айында қазақша күрестен іріктеу болды. Сол кезде жеңіске жетіп, Әлем біріншілігінде өнер көрсетуге мүмкіндік алдым. 2012 жылы қазақша күресті қолға алдым. 2012-2016 жылдары бұл спорт түрінен Қазақстан чемпионы атағын алған қызбын. Сондықтан көшпенділер ойындары таңсық емес. Басшылық жағы «Зәмзәгүл, спортқа оралсай» деп қолдау білдірген соң қатысып жатқан жайым бар.

— Күрестің өзге түрлерінен бағыңызды сынап көргіңіз келген жоқ па?

— 77 келі салмақта қазақша күрестен қатысамын. Сайысқа сақадай саймын. Мақсатым — алтыннан алқа тағу. Намысты қолдан бермей, қазақ елін қуантқым келеді.

— Басты қарсыласыңыз ретінде кімді көресіз?

— Басты қарсыласымның кім екенінен хабарсызбын. Елімізге 21 спорт түрі бойынша 96 мемлекеттен спортшы келеді деген хабар бар.



Күн шежіресі