Қазақстан чемпионаты ел рекордымен басталды

Қазақстан чемпионаты ел рекордымен басталды

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Алматы қаласының өкілі Кристина Морозова әйелдер арасындағы жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрісте жеңіске жетіп, 1:44:12.16 нәтижесімен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Sport+.

Бұл Морозованың Қазақстан чемпионаттарындағы мансабындағы екінші алтын жүлдесі. Ол алғаш рет 2022 жылы 20 шақырым қашықтықта ел чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар, Кристина 2014 жылдан бері Қазақстан чемпионаттарында екі алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.

Күміс жүлдені Батыс Қазақстан облысының өкілі Полина Репина иеленсе, қола медаль Астана қаласының спортшысы Улар Қуандыққа бұйырды.

Спорттық жүріс. Жартылай марафон. Әйелдер:

Кристина Морозова (Алматы) — 1:44:12.16 (Қазақстан рекорды)
Полина Репина (Батыс Қазақстан облысы) — 1:51:50.95
Ұлар Қуандық (Астана) — 2:17:21.24