Максим Балабин жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Максим Балабин жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз сырықпен секіруде 5.05 метр нәтижесін көрсетті. Осылайша үшінші орын алды.

Алтын медальді Сейфелдин Абдельсалам (Қатар) жеңіп алды — 5.45 метр. Қытайлық Жуй Лю екінші орын алды — 5.20 метр.

Сондай-ақ әйелдер арасында 400 метрге жүгурде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орынға табан тіреді. Одан бөлек, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.



Күн шежіресі