Қаржы көлемі еселеп артқанымен рейтинг төмендеп барады – антикор спорттағы жемқорлық туралы
Бұл мәселені бүгін спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық мәжілісте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали көтерді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. Тек соңғы 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Алайда, Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп барады, - деді агенттік басшысы.
Ол келтірген деректерге қарағанда, осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын «жоғары жетістіктер» және «бұқаралық» спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады.
Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым.