logo

Маңғыстаулық велоспортшылар ел чемпионы атанды

Маңғыстаулық велоспортшылар ел чемпионы атанды

Астана қаласында велотректен ерлер және әйелдер арасында өткен қысқы ел біріншілігінде Дмитрий Носков пен Сергей Пономарёв ҚР чемпиондары атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы 6-11 ақпан аралығында Астана қаласында велотректен ерлер және әйелдер арасында қысқы ел чемпионатында маңғыстаулықтар 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде иеленгенін мәлімдеді.

Біріншілікке еліміздің 16 облыстан 225 спортшы бақ сынады.

Олардың қатарында командалық уақытқа жарысқа шыққан Дмитрий Носков 1-орын, Сергей Пономарёв кейрин бағдарламасы бойынша 1-орын, Рамазан Мұхтар гит 1000 метр бағдарламасы бойынша 2-орын иеленді.

Қола жүлдеге кейрин бағдарламасында бақ сынаған Виктор Голов пен спринт бағдарламасында Рамазан Мұхтар қол жеткізді.

Сондай-ақ, маңғыстаулық спортшылар Виктор Голов, Рамазан Мұхтар, Сергей Пономарёв командалық спринт бағдарламасында өнер көрсетіп күміс медаль иегері атанды.