Эрлинг Холланның Қазақстан қақпасына хет-трик жасады
Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы УЕФА Ұлттар лигасындағы жорығын Норвегия құрамасына қарсы сырт алаңдағы матчпен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.
Қорытынды есеп 5:0. Кездесуде үш голды Эрлинг Холанн соқса, Александер Серлот және Антонио Нуса қанжығаларын бір голмен майлады.
Өкінішке орай, Станислав Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы 1 ұпай жинап, Ұлттар лигасын турнир кестесінің соңғы орынында аяқтады. Сонымен қатар, Қазақстан бұл турнирде гол соға алмады.