logo

Қарағандыда спорт бапкері ақша бопсалаумен айналысқан

Қарағандыда спорт бапкері ақша бопсалаумен айналысқан

Полиция Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Солардың ішінде Шахтинск қаласында жастар тобы қолға түсті. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да бар.

Күдіктілер жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ «Qarmet» АҚ қызметкерлерін бопсалаған. 

Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар «Qarmet» АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді, 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді.