«Астана» шабандозы «Лангкави турының» бесінші кезеңінде 3-орын алды
Ұзындығы 167,3 шақырымды құрайтын «Лангкави туры» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңі бүгін аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кезеңнің көшбасшысы Нидерланды шабандозы Арвид де Кляйн болды. Мәреге екінші болып италиялық спортшы Маттео Малучелли келді. Үздік үштікті «Астананың» ресейлік шабандозы Глеб Сырица түйіндеді.
«Лангкави туры» Kuala Lumpur — Melaka. 167.3 км
1. Арвид де Кляйн (Tudor Pro Cycling Team) — 3:35:30
2. Маттео Малучелли (JCL Team UKYO)
3. Глеб Сырица («Астана»)
Жалпы есеп:
1. Макс Пул (Team dsm-firmenich PostNL) — 16:33:04
2. Хосе Мануэль Диас (Burgos - BH) +0:12
3. Томас Пезенти (JCL Team UKYO) +0:15
7. Антон Чармиг («Астана»)