Абинұр Нұрымбет «Андижаннан» кетті
Өзбекстандық «Андижан» клубы 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Абинұр Нұрымбеттің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Абинұр Нұрымбет «Андижаннан» келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан кетті. Ол өткен жылдың жазында өзбекстандық клубқа қосылып, алты матч өткізгенімен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.
Айта кетейік, «Тараздың» түлегі Абинұр бұған дейін «Ұлытау», Минскінің «Энергетик-БГУ» және «Гомель» командаларында да ойнаған.