«Астана» хорватиялық ойыншыларды қатарына қосты
«Астана» футбол клубы екі хорват ойыншаларын қатарына қосқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Келісімшартқа 29 жасар Карло Бартолец пен 26 жасар Бранимир Клайца қол қойды.
Карло – үлкен ойын мансабы бар ойыншы, қорғаушы «Копенгаген», «Осиек», «Нордшелланд» және «Локомотив» Загреб клубтарында өнер көрсетті. Бартолецпен келісімшартқа 1,5 жыл мерзімге қол қойылды. Сондай-ақ, Бартолецтің есебінде Хорватия құрамасының жейдесінде 5 матч бар.
Бранимир Калайца — «Бенфиканың» құрамында Португалия чемпионы. Соңғы жылдары хорватиялық «Локомотивтің» құрамында өнер көрсетті. Футболшымен келісімшарт 2,5 жыл мерзімге есептелген.