logo

Кипрас Казуколовас: Менің гол соққаным маңызды емес

Кипрас Казуколовас: Менің гол соққаным маңызды емес

«Астана» қорғаушысы Кипрас Казуколовас Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұхбатында Olimpbet QFL Премьер-лиганың 13-турында «Қайратпен» (1:3) өткен матч туралы ой бөлісті.

— Бұл сенің «Астана» үшін бірінші голың. Сен гол соқтың, бірақ команда ұтылды. Ойын туралы не айтасың?

— Менің гол соққаным маңызды емес — біз ұтылдық. Жеңіске жеткеніміз жақсы болар еді. Бұл біз үшін шынымен де нашар жағдай. Көп матчты жеңіліп қалуға болмайды. Команда жеңіске дайындалды, бірақ соңында ұтылдық. Сондықтан командадағы атмосфера онша жақсы емес. Біз ойынды қайта қарап, бір нәрсені өзгертуіміз керек. Мұндай жағдайға үйренбегенбіз. Менің ойымша, бапкерлер де солай.

— Қалай ойлайсың, нені өзгерту қажет?

— Айту қиын. Біз гол соғуымыз керек, бірақ үш гол жібермеуіміз керек еді. Бұл біз үшін рұқсат етілмейді. Бапкерлер не істеу керектігін айтады, бірақ біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, осыншама көп жібермеуіміз керек. Біз соншалықты жаман ойнаған жоқпыз, бірақ кейбір нәрселермен бірдеңе істеу керек. Бірақ кейде футбол осындай болады.

— Алдағы УЕФА Конференция лигасындағы матчтар туралы не ойлайсың?

— Біз мықты болуымыз керек. Келесі айда не болатынын көреміз. Сондай-ақ біз чемпионат матчтарына да дайындалдамыз. Еурокубоктар футболшылар үшін жауапты матчтар, әсіресе олар үшін жақсырақ. Бірақ бір апта алға қарай ойлану керек.