«Қайраттың» ойыншысы мансабын Белоруссия чемпионатында жалғастырады
19 жастағы жартылай қорғаушы Мирас Көбеев «Ислочь» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мирас «Астананың» түлегі болып табылады, алайда жас кезінде «Қайраттың» академиясына ауысып, өзінің дамуын жалғастырып, «Қайрат-Жастар» клубы мен бас команданың негізгі құрамына жетті.
Мирастың «Ислочьпен» келісімшарты екі жылға есептелген.