Путинцева Англиядағы турнирді сәтті бастады

Путинцева Англиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Англияның Бирмингем қаласындағы турнирдің жұптық сынында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Путинцева ресейлік спортшы Анастасия Потаповамен жұптасып, чех-ресейлік дуэт Барбора Крейчикова — Диана Шнайдермен кездесіп, үш сетте 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Матч турнирдің 1/8 финал кезеңінде өтіп, бір сағат 14 минутқа созылды.

Путинцева мен Потапованың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.



Күн шежіресі