logo

Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды

Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Францияның Ашық чемпионаты («Ролан Гаррос») басталар алдында жеке және жұптық рейтингтерді жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Топ-3 өзгеріссіз қалды: Польша өкілі Ига Швентек көш бастап тұр, екінші орында Беларусь спортшысы Арина Соболенко, үшінші орынды америкалық Кори Гауфф иеленді. Қазақстандық Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орынға төмендеп, 39-шы орынға жайғасты.

Жұптық разрядта әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Қытай Тайбэйінің өкілі Се Шувэй қалды, одан кейін бельгиялық Элизе Мертенс және жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф тұр.

Қазақстандық «жұпшылар» арасында үздік Анна Данилина екі орынға көтеріліп, 57-ші орынға жайғасты, ал Жібек Құламбаева екі орынға төмендеп, 144-ші орынды иеленді.