Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогы финалында Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада» (Тольятти) командалары сынға түседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
17 тамызда қазақстандық хоккейшілер Ресейдің «Амур» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ел құрамасынан Михаил Рахманов, Андрей Буяльский и Кирилл Панюков мергендік танытса, оған ресейлік клубтан Александр Брынцев бір голмен жауап қайырды.
Ал елордалық «Барыс» «Лада» клубына 3:4 есебімен есе жіберді.
Нәтижесінде «Лада» 6, Қазақстан олимпиадалық құрамасы 4, «Барыс» 3 ұпай жинаса, «Амур» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ.
Енді финалда 18 тамызда Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен Ресейдің «Лада», 3-орын үшін «Барыс» пен «Амур» кездеседі.
