logo

«Порту» Португалия чемпионы атанды (видео)

«Порту» Португалия чемпионы атанды (видео)

«Порту» 2025/26 маусымындағы Примерада мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

32-тур матчында команда өз алаңында «Алверка» клубын 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 40-минутта Ян Беднарек соқты.

85 ұпай жинаған «Порту» қарсыластарынан оқ бойы озып, маусым аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.