Поляк каноэшісі Париж Олимпиадасына допинг дауынан кейін қатысуға рұқсат алды
Поляк каноэшісі Дорота Боровска Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еске сала кетейік, спортшы клоcтебол іздері бар сынама негізінде уақытша ойындардан шеттетілген болатын. Поляк каноэшісі тыйым салынған заттың оның ағзасына итінің аяқтарына жаққан крем арқылы түскенін мәлімдеді.
Поляк спортшыны уақытша шеттету туралы тыңдау 31 шілдеде өтті, бірақ шешім 1 тамыз кешінде ғана белгілі болды. Бұл оқиға Боровскаға олимпиадалық турнирге қатысуға жеткілікті негіз болды.