logo

Украина құрамасының бапкері Нұрбек Оралбаймен Олимпиада «алтыны» үшін өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Украина құрамасының бапкері Нұрбек Оралбаймен Олимпиада «алтыны» үшін өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Украина құрамасының бас бапкері Дмитрий Сосновский Александр Хижняктың кубалық Арлен Лопесті Парижде өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында жеңгеннен кейін, қазақстандық Нұрбек Оралбаймен алдағы алтын медаль үшін өтетін жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Үш раундтық жекпе-жектің нәтижесінде 80 келі салмақ дәрежесінде төрешілер украиналық боксшыға жеңісті бөлінген шешіммен (3:2) берді.

«Александр онымен халықаралық деңгейде кездескен. Мықты боксшы, жақсы деңгейде. Дайындаламыз», — деді Сосновский.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасынан келген Кристиан Пиналесті жеңді.