logo

ПФЛК атауын өзгертіп, екі жаңа турнирді ұсынды

ПФЛК атауын өзгертіп, екі жаңа турнирді ұсынды

2024 жылдың 28 ақпанында Астанада Қазақстанның кәсіби футбол лигасының жаңа бренді мен маусымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

БАҚ өкілдеріне лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотип таныстырылды.

Бренд пен логотиптен басқа бірқатар жобалар ұсынылды, соның ішінде жаңа турнирлердің іске қосылуы – Лига Кубогы мен әйелдер лигасы.

Бірінші турнирге 16 қазақстандық клуб қатысады, олар тек беделді трофей үшін ғана емес, сонымен қатар бір миллион долларды құрайтын жүлде қоры үшін де күресетін болады. Сондай-ақ, әйелдер лигасының ашылуы туралы жаңалықтарға ерекше назар аударылды, онда еліміздің 5 өңірінен 6 клуб өздерінің қатысуын растады.

Қазақстанда маусым бірінші наурыз күні басталады. Бұл күні Olimpbet-Қазақстан чемпионатының бастау алады. Әйелдер лигасы, Бірінші және Екінші лигалардың басталу күндері әлі хабарланған жоқ.



Күн шежіресі