Қазақстандық ММА файтері Фаниль Рафиков Қарағандыда өтетін NAIZA турниріндегі Қазбек Сағын мен Шыңғыс Хан арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын айтты.
«Менің жеке пікірімше, бұл жекпе-жектің фавориті — Қазбек. Ол ММА-да соққы техникасын өте жақсы меңгерген. Ал бұл жолы күрес туралы ойлаудың қажеті жоқ, өйткені кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтеді.
Сонымен қатар октагон да Қазбектің артықшылығы болмақ. Онда кеңістік жеткілікті, бұл шөп төселген алаң немесе басқа шектеулі орын емес. Қазбек октагонды жақсы сезінеді. Менің ойымша, жаттықтырушылар штабы оған дұрыс тактикалық жоспар дайындайды.
Сондықтан айқын басымдыққа ие болмаса да, біздің «Флеш» Қазбек Сағын бұл жекпе-жектің фавориті болады деп есептеймін», — деді Рафиков.
NAIZA турнирі 19 желтоқсанда өтеді. Жекпе-жектерді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
