Павел Акользин мерейтойлық матчын өткізді
Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы Павел Акользин «Металлург» сапында 200 матч өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мерейтойлық ойын ретінде 5 наурыз күні өткен «Амурмен» кездесу тіркелді.
Форвард «Магнитка» сапында 2021 жылдан бері ойнайды. 200 ойында Акользин 58 (38+20) ұпай еншілеген.
Ағымдағы маусымда 33-жасар шабуылшы ҚХЛ аясында 64 матч өткізіп, 25 (17+8) ұпай алды. Плей-офф кезеңінде Павел Акользин 3 ойында айдынға шығып, нәтиже көрсетпеді.