logo

Олег Белякин сәтсіз маусымды қорытындылады

Олег Белякин сәтсіз маусымды қорытындылады

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері міндетін атқарушы Олег Болякин сәтсіз аяқталған маусымды қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

 «Басқа клуб мамандары бізбен ойнау қиындағанын айтты, бұл біздің пікір емес. «Авангард» келгенде Михаил Кравец ойында қиындықтар туындағанын жеткізді. Өткенді айтатын болсақ, СКАмен ойнадық. Буллит бойынша ұтылдық, кішкене шыдам жетпеді. Оның себебі Шестаков көп ойнап қойды. Дәл солай жағдай «Амур» және «Ладамен» матчта қайталанды. 
Айдынға шығатын ақша емес, адамдар. Алихан Өмірбековке миллион доллар ұстатсаң, бірден 28 гол соғады деп ойлайсыздар ма? Кез келген жағдайда ойнайтын адамдар. Әр ойыншының өз бағасы бар.