logo

«Торпедо» Шахворостовпен қош айтысты

«Торпедо»  Шахворостовпен қош айтысты

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы бас бапкер Александр Шахворостовпен келісім шартты бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan  «Головой об лед» телеграмына сілтеме жасай отырып.

«Қазцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер бойынша атқарушы директоры Андрей Лазарев жаттықтырушыға командамен өткізген маусымы үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмысында сәттілік тіледі.

«Торпедо» плей-офф кезеңінде 0:4 есебімен «Ақтөбеге» ұтылып, маусымды аяқтаған еді.

Дереккөзге сүйенсек, бұрын-соңды бұл кезеңге дейін жетпеген «Ақтөбенің» нәтижесіне Өскемен ойыншыларының қосқан үлесі зор.

Шахворостов 90-шы жылдардың соңында Магнитогорскке көшіп, «Металлург» балалар спорт мектебінде жұмыс істеген. Оның жетекшілігімен «Металлург» (1991 ж.т.) екі рет жасөспірімдер арасында Ресей чемпионы атанған – 2005 және 2006 ж. 2011 жылғы Универсиадада Александр Шахворостов Ресей құрамасына бапкерлік еткен.