logo

Парижге қай ел қанша спортшы жібереді?

Парижге қай ел қанша спортшы жібереді?

Қазақстан Парижде өтетін Олимпиадаға 92 лицензия ұтып алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

25 спорт түрінен ел намысын 80 спортшы қорғайды. Осылайша Қазақстан Олимпиадаға лицензия алған спортшылар саны бойынша ТОП-40 елдің қатарына енді.

Спортшы саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Америка 592 спортшысын қатыстырса, Франция құрамасында 587 спортшы бар. Үздік үштікті Австралия қорытындылады (468).

Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Украина (138) мен Өзбекстаннан (86) кейін үшінші орында тұр.

Парижде 2024 жылғы спортшылар саны бойынша ТОП-50 елдің толық тізімі төмендегідей:

1. АҚШ – 592;

2. Франция – 587;

3. Австралия – 468;

4. Германия – 427;

5. Жапония – 411;

6. Қытай – 398;

7. Испания – 382;

8. Италия – 366;

9. Ұлыбритания – 327;

10. Канада – 318;

11. Бразилия – 277;

12. Нидерланды – 258;

13. Польша – 211;

14. Жаңа Зеландия – 196;

15. Венгрия – 175;

16. Бельгия – 164;

17. Египет – 153;

18. Оңтүстік Африка – 149;

19. Оңтүстік Корея – 144;

20. Украина – 138;

21. Аргентина – 136;

22. Ирландия – 132;

23. Швейцария – 127;

24. Дания – 125;

25. Швеция – 117;

26. Үндістан – 113;

26. Чехия – 113;

28. Сербия – 112;

29. Норвегия – 107;

29. Румыния – 107;

29. Мексика – 107;

32. Түркия – 102;

33. Грекия – 101;

34. Словения – 90;

35. Колумбия – 89;

36. Израиль – 88;

37. Нигерия – 87;

38. Өзбекстан – 86;

39. Қазақстан – 80;

40. Австрия – 76;

41. Хорватия – 73;

41. Португалия – 73;

43. Кения – 72;

44. Куба – 63;

45. Марокко – 59;

46. ​​Ямайка - 58;

47. Қытайлық Тайбэй – 57;

48. Финляндия – 56;

49. Доминикан Республикасы – 54;

50. Пуэрто-Рико – 52.



Күн шежіресі