logo

Жүзуден Қазақстан командасы Түркияда жаттығу жиынын өткізуде

Жүзуден Қазақстан командасы Түркияда жаттығу жиынын өткізуде

Жүзуден Париж Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшылар Түркияда жаттығуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап

Аталған спорт түрінен жазғы ойындарға жолдама алған Ксения Игнатова мен Әділбек Мусин Олимпиада қарсаңындағы дайындықтарын  пысықтауда.

Спортшылар 1 шілдеден бері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.