logo

Ол финалға шықса, маған жұбаныш белдесуде күресуге мүмкіндік туады: Айдос Сұлтанғали

Ол финалға шықса, маған жұбаныш белдесуде күресуге мүмкіндік туады: Айдос Сұлтанғали

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали жарыстан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Белдесу өте қиын болды. Қарсыласым өте мықты балуан екенін білесіздер. Басында жап-жақсы ұтып жатып, соңында жеңіліп қалдым.

Бар күшімді салдым, бапкерлерімнің айтқан кеңесі бойынша күрестім. Өкінішке қарай, сәтсіздік жетпей қалды. Енді мен оның финалға шыққанын қалаймын.

Егер ол финалға шығып жатса, маған жұбаныш белдесуінде тағы бір бақ сынауға мүмкіндік туады. Егер, солай болып жатса, бар күшімді саламын», - деді Айдос Сұлтанғали жарыстан кейін.