«Ордабасы» шабуылшысы еуропалық клубқа ауысуға жақын
«Ордабасы» командасының гамбиялық шабуылшысы Дембо Дарбо әзірбайжандық «Нефтчи» клубымен келісімшартқа отыруға жақын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осы маусымда 26 жастағы Дарбо шымкенттік команда сапында сегіз ойын өткізіп, үш гол соқты. Гамбиялық шабуылшы «Ордабасыға» «Астанадан» ауысып келген болатын. Сондай-ақ, ол бұған дейін «Шахтер» Солигорск және БАӘ-нің «Аль-Наср» клубтарында ойнаған.
25 тамызда «Ордабасы» Қазақстан футбол чемпионаты аясында «Ақтөбемен» тең ойнады (1:1). Бұл матчта Дарбо шымкенттік команданың тізімінде болған жоқ.
«Нефтчи» Әзірбайжан чемпионатының төрт турынан кейін үш ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр.