«Ордабасы» өз сериясын жалғастыра ма? «Ордабасы» – «Каспий» матчының трансляциясы

«Ордабасы» өз сериясын жалғастыра ма? «Ордабасы» – «Каспий» матчының трансляциясы

Футболдан Премьер-лиганың 14-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында турнир кестесінің аутсайдері «Каспийді» қабылдайды.

Шымкенттік клуб чемпионаттағы жеңілістің ащы дәмін әлі татпаған жалғыз команда болып қалып отыр. Бұл көрсеткіш тек чемпионатта ғана емес, Кубок ойындарында да сақталуда.

Айта кетейік, Андрей Мартиннің шәкірттері Қазақстан Кубогында дәл осы «Қажымұқан» атындағы стадионда «Каспийді» жеңген болатын.

Енді 20 маусым күні командалар чемпионат аясында қайта кездеседі.

Матчтың басталуы — сағат 20:00–де. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.