logo

«Ордабасы» өз алаңындағы жеңістен кейін Қостанайға аттанады: «Тобыл U17» – «Ордабасы U17» матчының тікелей эфирі

«Ордабасы» өз алаңындағы жеңістен кейін Қостанайға аттанады: «Тобыл U17» – «Ордабасы U17» матчының тікелей эфирі

QJ League екінші туры аясында «Тобыл U17» мен «Ордабасы U17» кездеседі.

Шымкенттік команда бірінші турда Алмат Сапархан соққан голдың арқасында «Ақтөбе U17» қатарластарын өз алаңында жеңіп, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтерілді.

Ал қостанайлықтар дәл сондай 1:0 есебімен сырт алаңда «Қайсар» командасынан жеңіліп қалды.

Енді олар өзара кездесуде күш сынасады. Ойынның басталуы — 12:00.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі