logo

Оралдың «Ақжайығы» допты хоккейде кезекті жеңісіне жетті

Оралдың «Ақжайығы»  допты хоккейде кезекті жеңісіне жетті

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті матчын өз айдынында «Волга-Черемшан» (Ульяновск) клубымен өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Ойында оралдық хоккейшілердің басымдылығы айқын байқалып тұрды.

Матч біткенде, 17:4 есебі тіркелді. «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов 7 голдың авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев қонақтар қақпасына 5 доп енгізді.

Сондай-ақ Рауан Исалиевтің еншісіне 3, Артем Лапшин мен Дәурен Ораловқа бір-бір голдан жазылды.

Осылайша, қатарынан 9 кездесуінде жеңіске жеткен «Ақжайық» (бас бапкері Николай Шавалдин) екінші топта 36 ұпаймен көш бастаушылар қатарында келеді. Турнир кестесінде «Маяк» (Краснотурьинск) клубы ғана 37 ұпаймен алда тұр. Бірақ олар бір бәсекені артық өткізген. 

Жексенбі күні «Ақжайық» пен «Волга-Черемшан» қайта айдынға шығады. 



Күн шежіресі