Қысқы Универсиада: 19 қаңтар бағдарламасы

19 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау және шайбалы хоккейден сынға түседі, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Шаңғы жарысынан аралас командалық спринтте Ілияс Исабек, Лаура Кыныбаева, Святослав Матасов, Елизавета Толмачева жарыс жолына шығады.
Ал спорттық бағдарлау ерлерде спринтте Давид Сиволапов, Александр Фирсов, Иван Биткин, Никита Иост, Илья Таганашкин, әйелдерде Анжелика Гарифова, Валерия Чупина, Ангелина Кузьмина, Евгения Завьялова және Карина Боранбаева сайысқа түседі.
Ал шайбалы хоккейден ерлер арасында ширек финалда Қазақстан мен Словакия ойнайды.