logo

Оныншы турдың бірінші ойын күнінде күтпеген сенсация орын алды

Оныншы турдың бірінші ойын күнінде күтпеген сенсация орын алды

Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының оныншы туры аясында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Қайсарды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш кездесу сенсациялық қызылордалық команданың жеңісімен аяқталды. Есеп 1:2. 

Барлық үш гол екінші таймда соғылды. Алдымен Валерий Громыко кездесуде есеп ашса, Ислам Чесноков таразы басын теңестірді. Жеңісті «Қайсарға» қосымша уақытта орын алған Шахназар Норбековтің дәл соққысы сыйлады.

«Тобыл» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырап, турнир кестесінің 7 орнына түсіп қалды. Ал Виктор Кумыков футболшылары соңғы бес ойынша үш рет жеңіске жетіп, 12 ұпай жинады. 



Күн шежіресі