logo

Футбол федерациясы «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

Футбол федерациясы «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

2024 жылдың 29 мамырында Қостанайда «Тобыл» және «Атырау» командалары арасында футболдан OLIMPBET Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы матчы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтың 85-минутында бас төреші Артем Кучин VAR төрешісі Данияр Сахимен ақылдаса отырып, «Тобыл» командасының ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың салған голын ойын ережесінің бұзылуына (допты қолмен ойнау) байланысты санамау туралы шешім қабылдады.

Техникалық ақауға байланысты осы эпизодтағы бас төрешінің шешімі тікелей эфирде көрсетілмеді.