logo

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы басталады

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы басталады

29 мамырда футболдан Қазақстан кубогы жартылай финал ойындар өткізіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалдың алғашқы жұбында 18.00-де «Тобыл» кездессе, тағы бірінде 20.00-де «Ақтөбе» мен «Елімай» шеберлік байқасады.

Жартылай финалдың қарымта ойыны 19 маусымда өткізіледі.

Финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Биыл Қазақстан кубогының алдын ала іріктеу кезеңі 1-19 наурыз аралығында өтсе, 21-23 наурызда командалар алдын ала іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында шеберлік байқасты.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрады.

Одан ширек финал ойындары болды.

Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.



Күн шежіресі