Нұралы Әліпке «ПСЖ» мен «Манчестер Сити» футбол клубтарынан ұсыныс түсті
Қазақстандық футболшы Нұралы Әліпке франциялық «ПСЖ» және англиялық «Манчестер Сити» командаларынан ұсыныс түскен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бізде «ПСЖ» және «Манчестер Ситиден» ұсыныс бар. Жалпы, ортақ әңгіме деуге болады. Басқа клубтардан да ұсыныстар түсіп жатыр», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, қазір Нұралы Әліп ресейлік «Зенит» футбол клубында ойнайды. Ол осы маусымда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ Ресей чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды.
Нұралы – Ақтаудың тумасы. Сегіз жасынан бастап «Каспий» академиясында футболмен айналысқан.
2015 жылы «Қайрат» академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң осы клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы «Қайрат» сапында жалпы есебі 99 матч өткізген.