Андрей Финонченко: Бүгін қорғаныста өте нашар ойнадық
Қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері міндетін атқарушы Андрей Финонченко Премьер-лиганың оныншы турындағы «Қайрат» (2:4) командасына қарсы матчтың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
– «Қайратты» жеңісімен құттықтаймын. Бүгін қорғаныста өте нашар ойнадық, жай ғана нашар. Қақпашы емес, мен білмеймін – қаншама соққы жасалды қақпаға. Сондықтан осындай есеп – 4:2. Гол соға бастағанымыз қуантады. Бірақ бізде бір қорғаушы, сосын екінші қорғаушы жарақат алып, ойнай алмады. Бұл төрт гол өткізуімізге себеп болды деп ойлаймын. Төрт гол жіберсең, жеңіс туралы сөз болуы мүмкін емес.
– Ашортияның дублі туралы не айтасыз?
– Не айтуға болады... Жақсы, гол соқты, бірақ бұл жеткіліксіз. Қорғаныста нөлге ойнау керек, сол кезде осы екі гол да жеткілікті болар еді. Ал, бүгін қорғаныста өте нашар ойнадық, бұл туралы ойлану керек.
– 2:2 есебінде «Шахтер» командасы жақсы қарсы шабуылдар жасады, мүмкін артықшылықты сақтап қалуға немесе тіпті алға шығуға болатын еді.
– Иә, жастар, теңестірді. Бірақ, егер қорғанысқа тым төмен түссең, бірінші аймаққа, ерте ме, кеш пе, гол жібересің. Сондықтан мен қорғанысқа төмен түсуді жақтамаймын. Бүгін қорғаушылар көп қателік жіберді – шабуылшыларға еркін соққы жасауға мүмкіндік берді... Сондықтан қорғаныста неге нашар ойнағанымызды анықтау керек.