logo

Нұралы Әліп бір айда алғаш рет алаңға шықты

Нұралы Әліп бір айда алғаш рет алаңға шықты

Көрші елдің қос астанасы «Зенит» - «Спартак» дербиінде гол соғылмай, матч тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасының және «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп үзіліс кезінде Сергей Волковты ауыстырып алаңға шықты.

Екінші таймда Страхинья Эракович алаңнан қуылып, «Зенит» аз құрамда қалды, дегенмен есепті ұстап қала алды.

Бұған дейін Әліп шілденің соңында Ресей Кубогы аясында «Факел» клубымен кездесуде соңғы рет алаңға шыққан еді.



Күн шежіресі