Никита Бояркин: Жақсы эмоцияларды Астанаға өзіммен бірге алып кеткім келеді

«Барыс» қақпашысы және Чернышев дивизионының ойыншысы Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчы өтетін Новосібір қаласына келгеннен кейін алғашқы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+ ҚХЛ сайтына сілтеме жасап.
— Өте жағымды әсер алдым. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, осында болғаныма қуаныштымын. Лига мен медиа өкілдеріне мені таңдағандары үшін алғыс айтамын. Новосібірде ойнау өте керемет, әсіресе жеңіске жеткен кезде. Мұнда тамаша арена мен жанкүйерлер бар. Оның үстіне, үйімнен алыс емес, сондықтан матчтың дәл осы қалада өтетіні қуантады.
Ерекше бір нәрсе ойлап таппадым, бірақ шлемімді арнайы безендірдім! Жақсы эмоциялар алғым келеді, оларды Астанаға алып кетіп, командаммен бөліскім келеді, — деді хоккейші.