logo

Недовесов Португалияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Недовесов Португалияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов сенсация жасап, Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Отандасымыз эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың бірінші ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенді жолда қалдырды.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 1 сағат 10 минутқа созылған бәсекеде азулы қарсыластарын 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Бельгиялықтар 2 эйспен шектелді.

Александр мен Гонсалоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Соңғы бәсеке 7 сәуірге белгіленген.