logo

Батыс Қазақстанда арнайы олимпиадалық клуб ашылмақ

Батыс Қазақстанда арнайы олимпиадалық клуб ашылмақ

Батыс Қазақстан облысында Париж Олимпиадасынан кейін олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында іс-шаралар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин мәлім еткеніндей, олимпиада ойындарына сапалы дайындық жүргізу, соның ішінде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларды ұстауға баса назар аударылады.

Жеңіс Махамбетұлының сөзіне қарағанда, әлемдік деңгейге жеткізу үшін спортшыны тұрақты түрде жалақымен, құрал-жабдықтармен, іссапар қаражаттарымен үнемі қамтамасыз ету қажет. Біліктілігі жоғары бапкерлердің керектігі де айдай анық.

«Осыған орай арнайы олимпиадалық клуб ашуды көздеп отырмыз. Бұл жобаның құны – 200 млн теңге. Тиісті бюджеттік өтінім әзірленді», - дейді Ж.Нығметуллин.



Күн шежіресі