«Наше дело» титулы үшін реванш. Даурен Ермеков пен Дмитрий Арышев жекпе-жектің тікелей эфирі

2025 жылдың 28 ақпанында Ресейдің Қазан қаласында «Наше дело» лигасының үлкен турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте лига чемпионы Дмитрий Арышев пен Қазақстанның ең мықты орта салмақ өкілі Дәурен Ермеков арасындағы көптен күткен реванш өтеді.
Олардың алғашқы титулдық кездесуі Арышевтің жеңісімен аяқталған болатын. Ермеков ресейлік спортшының көзге тиген соққысын сезіп, тоқтағанымен, төреші жекпе-жекті жалғастырды, кейін Дәуреннің енжар қорғанысын себеп етіп, жекпе-жекті тоқтатты.
Реванш 2024 жылдың соңында өтуі тиіс еді, алайда Дмитрий салмақ қуа алмағандықтан, кездесу кейінге қалдырылды.
Турнир аясында жалпы 13 жекпе-жек өтеді. Олардың қатарында Даниял Эльбаев, Дмитрий Климов, Хадис Ибрагимов және басқа да танымал спортшылар өнер көрсетеді.
Турнир 28 ақпан күні сағат 17:30–да басталады. Кештің толық тікелей эфирі sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.
Ал кештің басты жекпе-жегі — Ермеков пен Арышевтің айқасын Sport+ телеарнасынан да тамашалауға болады.