logo

«Наполи» Хвичидің орнын басатын ойыншыны Түркиядан тапты

«Наполи» Хвичидің орнын басатын ойыншыны Түркиядан тапты

«Наполи» «Әл-Ахли» клубына тиесілі, қазіргі уақытта жалға алу негізінде «Фенербахче» сапында өнер көрсетіп жүрген Аллан Сен-Максиманды қатарға қоспақ, деп хабарлайды Sport+ инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

«Наполи» бас бапкері Антонио Конте бұл трансферді мақұлдады. Клуб Сен-Максиманды «ПСЖ»-ға ауысқан Хвича Кварацхелияның орнын басатын ойыншы ретінде көреді.

«Фенербахче» келесі ойынын 2 ақпанда Суперлигада «Ризеспорға» қарсы өткізеді. Бұл кездесуді Sport+ арнасынан тікелей эфирде көруге болады.