logo

NAIZA 82 Алматыда: белбеу үшін айқас және көптен күткен реванштар

NAIZA 82 Алматыда: белбеу үшін айқас және көптен күткен реванштар

Naiza Fighting Championship лигасы оңтүстік астанаға NAIZA 82 атты ауқымды турнирмен қайта оралады. Кеш барысында торда үздік файтерлер мен болашағынан зор үміт күттіретін жұлдыздар кездесіп, жанкүйерлерге тартысты айқастар сыйламақ.

Жыл проспектісі және лиганың жарқырап келе жатқан жұлдызы Дулат Кеңесбеков өзінің бұрыннан таныс қарсыласы Муратжан Юсуповпен кездеседі. Бұл қос файтердің арасында аяқталмаған есеп бар: олар әуесқой деңгейде жолыққан, енді кәсіби аренада бәс тіпті жоғары.

Сондай-ақ, лига әйелдер дивизионын дамытуды жалғастыруда. NAIZA 82 аясында техникалық әрі эмоцияға толы жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Қыздар октагонда нәзіктік пен мінездің үйлесімі қандай болатынын дәлелдемек.

Кештің басты оқиғасы — жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін айқас. Қазақстандық ММА жұлдызы Жансерік Жаксыгулулы мансабындағы ең маңызды жекпе-жекке шығады. Оның мақсаты — жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді Қазақстанға қайтару. Оған бразилиялық қауіпті қарсылас Майке Линнарес қарсы тұрады. Ол техникасы мен төзімділігімен танымал, алайда Жаксыгулулы өз дәуірінің келгенін дәлелдеуге дайын. Бұл — ММА-ның түрлі мектептерінің классикалық текетіресі, оның нәтижесі чемпион тағдырын шешеді.



Күн шежіресі