logo

NAIZA 57 кардына үш дүркін әлем чемпионы қосылды

NAIZA 57 кардына үш дүркін әлем чемпионы қосылды

NAIZA лигасы NAIZA 57 турнирінің кардында өтетін тағы бір жекпе жекті жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осылайша ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы Бағдат Жұбаныш (3-1) кездесуі қосылған.

«Еркін Күш» команда өкілінің қарсыласы британдық Джон Шинк (4-2-2) болмақ.

Сонымен қатар, осы турнир аясында Жалғас Жұмағұлов, Жұман Жұмабеков және Тайлақ Нұражыұлының жекпе жектері жарияланған еді.

Турнир 24 ақпанға жоспарланған.



Күн шежіресі