Жұмағұлов Пайвамен реванш өткізуі мүмкін. Бразилиялық келісті
NAIZA лигасы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Жалғас Жұмағұлов пен Рауль Пайва арасындағы болжамды жекпе-жектің анонсын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бразилиялық жауынгер Жұмағұловпен жұдырықтасу туралы ұсынысқа жауап қайтарды:
- Кеттік, біз бұл жекпе-жекті өткіземіз. Мен саған 61 кг реванш беремін, - деп жазды Пайва.
Қазақстандық жауынгер өзінің бұрынғы қарсыласына жауап қайтарды:
-Тек сен үшін мен 61 кг көтерілемін, тек сен үшін! Маған салмақ қосу керек! Ең бастысы, сен салмақ қоса алсып, күрестен қашпасаң! – деді Жалғас.
Айта кететіні, Жұмағұлов үшін UFC-дегі дебют Пайвамен болды. Бұл жекпе-жекте жауынгерлер 57 кг салмақта шықты.
Біраз уақыттан кейін Жұмағұлов үшін оның досы және әріптесі Сергей Морозов «кек алды». Сергей Пайваны төрешілердің шешімімен жеңді.